Алматыда Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты кеш өтті

Алматыда Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты кеш өтті
Сурет: Almaty.tv

Алматыда Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Республика сарайында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қала басшысының атынан әскери қызметкерлерге, Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Олардың бәрі қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкер. Марапатталғандар қатарында қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды өрттен аман алып қалған, жаралы сарбаздарды ауруханаға жеткізген тұлғалар да бар.

Марапаттау салтанатының соңы концертке ұласты. Сахнада танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.