Алматыда Отан қорғаушы күні қалай мерекеленеді?

Алматыда Отан қорғаушы күні қалай мерекеленеді?
Сурет: Inbusiness.kz

Алматыда 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта мерекелік концерт пен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтеді.

Концертке әскери қызметшілер, әскери үрмелі оркестр, сондай-ақ сахнада Бағлан Әбдірайымов, Толқын Забирова, «IL Canto» квартеті, Жәмила Серкебаева және т.б. өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.

- Алатау ауданында  ардагерлер мен жастардың қатысуымен "Ер есімі – ел есінде" ескерткішіне гүл шоқтарын қою 7 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Жанқожа батыр көшесі, 26 мекенжайдағы аудан әкімдігі ғимаратының алдында болады. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара 7 мамырда сағат 11:00-де Атлеттер ауылында өтеді;

- Алмалы ауданында «Елім менің» патриоттық әндер орындаушыларының байқауы 7 мамырда сағат 17:00-де Арбатта өтеді.

- Бостандық ауданында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара 5 мамырда сағат 11:00-де Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің «Оңтүстік» өңірлік командованиясында өтеді, Попов көшесі, 1а

- Жетісу ауданында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, ардагерлер ұйымдарының активі мен Қарулы Күштер өкілдерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт 7 мамырда сағат 14:00-де Кемел шағын ауданындағы Есім хан көшесі, 127А-да өтеді;

- Медеу ауданында Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік концерт 6 мамырда, Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) сағат 10:00-де өтеді;

- Наурызбай ауданында Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты концерт 5 мамырда сағат 10:00-де Ақжар шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 178 мекенжайдағы әскери бөлімде өтеді.

- Түрксіб ауданында Отан қорғаушы күніне арналған бағдарлама 6 мамырда, ҚР құрлық әскери институтында (Красногорская, 4) сағат 11:00-де өтеді.