Алматыда өрттің табиғи ошақтарын ерте анықтау үшін бейнекамералар пайдаланылады

Алматыда өрттің табиғи ошақтарын ерте анықтау үшін бейнекамералар пайдаланылады
Сурет: Mos.ru

Патрульдеу кезінде тепловизоры бар дрон қолданылады.

Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда өрттің табиғи ошақтарын ерте анықтау үшін бейнекамераларды пайдаланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Қасыбаевтың айтуынша, мұндай цифрлық инновация өртті түтін және жоғары температура бойынша ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

«Біз табиғи парк аумағында смарт-камера деп аталатын оптикалық сенсорлық және тепловизор қондырғыларын енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Температура камералары арқылы бейнебақылау жаяу және әуе патрульдеріне қарағанда тиімді және арзан», - деді спикер.

Айта кетерлігі, мұндай камералар тұтану көздерін автоматты түрде анықтауға және күштер мен өрт сөндіргіштерді жеткізу үшін ыңғайлы маршруттарды құруға қабілетті. «Қазавиаорманқорғау» Алматы құтқарушыларына өртті тез арада жоюға көмектеседі. Ыстық кезеңде күн сайын таулы-орманды аймақтың үстінен ұшу жүзеге асырылады. Патрульдеу кезінде тепловизоры бар дрон қолданылады.

«Дрон өрт шыққан жерлерді анықтауға және оған ТЖД мобильді топтарын жіберуге мүмкіндік береді. Осындай сын-қатерлердің барлығы жоғары қауіптілік дәрежесіне ие», - деп қосты ол.