Алматыда орталық мемлекеттік музейге жаңа басшы келді

Алматыда орталық мемлекеттік музейге жаңа басшы келді
Сурет: Akorda.kz

Алматыдағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі» РМҚК директоры қызметіне Рашида Ерімқызы Харипова тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-aksamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Рашида Ерімқызы 1975 жылы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Биология пәнінің оқытушысы - 2001), «Нархоз» университеті (Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры - 2016); Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін (Педагогикалық ғылымдар магистрі - 2020) тәмамдаған.

1993-1994 жж. «Жасталап» оқу-өндірістік комбинатында іс жүргізуші; оқу-өндірістік оқыту мастері;

1994-1999 жж. - биология пәнінің мұғалімі;

1999-2001 жж. - кәсіптік бағдар беру жөніндегі әдіскер;

2001-2003 жж. - директордың оқу-өндірістік істері жөніндегі орынбасары;

2003-2009 жж. - Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің өлке табиғатын ғылыми- зерттеу бөлімінің бөлім меңгерушісі;

2009-2010 жж. - музей басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары;

2010-2014 жж. - осы музейдің басшысының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;

2014 жылдың 17 маусымынан 2022 жылдың 14 наурызына дейін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы болды.