Алматыда өрт сөндіру түтіктерін ұрлау жиілеген

Алматыда өрт сөндіру түтіктерін ұрлау жиілеген
Сурет: Polisia.kz

Осы іске қатысы бар адам өзінің 10 ұрлық жасағанын мойындаған. 

Медеу ауданының полиция қызметкерлері 27 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Сотқа дейінгі тергеу барысында, ойын автоматтарын жақсы көретін жас жігіт аса ірі көлемдегі ақшасынан ұтылып, заңсыз баю мақсатында қаланың әртүрлі ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінде өрт сөндіру түтіктерін ұрлағандығы белгілі болды. Қаскөй иығында үлкен сөмкемен азық-түлік жеткізушінің атын жамылып, кіреберістерге кірді және күдік тудырмады. Ол этаждарда өрт қалқандарын ашып, сол жерден түтіктерді алып кетті. Қазіргі уақытта А. есімді азамат өз кінәсін және 10 ұрлық жасағанын мойындады. Бұл қылмыстар заттай айғақтардың болуымен, кіреберістегі камералардағы бейне жазбалардың болуымен, сондай-ақ ұрланған мүлікті сатып алушының айғақтарымен дәлелденіп отыр», – деді Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Белгілі болғандай, жеңіл ақшаға құмар азамат қаланың Алмалы, Медеу және Бостандық аудандарында әрекет еткен. Күдікті қамауға алынды.