Алматыда оразаның алғашқы күні 100 мың дана су мен құрма таратылады

Алматыда оразаның алғашқы күні 100 мың дана су мен құрма таратылады Сурет: Ktk.kz

Бұл туралы шаһардың бас имамы Төлеби Оспан айтты


Имамның айтуынша, Алматы мешіттерінде қасиетті Рамазан айына арналған жоспар бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Биыл қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауық намазында құран хатым түсіріледі. Қалған 5 мешітте тарауық намазы құран хатымсыз оқылады. Рамазан - құран айы. Сондықтан осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары қарқынды жүргізіледі», - деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.



Сонымен қатар, ол Алматы орталық мешітінде «Рамазан шатыры» құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылатынын жеткізді. Қаланың басқа да мешіттерінде ауызашар беріледі. Ауызашар бергісі келетін кісілер мешіттердегі жауапты адамдарға жолығуларына болады.



«Оразаның алғашқы күні жұртшылыққа ораза айының келгенін сүйінші сұрау мақсатында «Қош келдің, Рамазан!» айдарымен қала көшелерінде 100 мың дана су мен құрма таратылады. Бұл шараға имамдар бастаған жастар жамағаты мен блогерлер жұмылдырылады. Сонымен қатар «Жақыныңа сыйлық сыйла» және «Жарапазан» эстафеталары ұйымдастырылады», - деді Төлеби Оспан.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37