Алматыда онлайн-несие рәсімдеген алаяқтар 6 жылға сотталды

Алматыда онлайн-несие рәсімдеген алаяқтар 6 жылға сотталды
Сурет: Inform.kz

Ұялы операторлардың SIM-карталарын пайдалана отырып, несиелер алуға өтінімдер рәсімдеген

Алматыда азаматтардың жеке деректерін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен банкттен 35 млн теңгеден астам қаржы ұрламақ болғандар бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, «D....» сайтында алаяқтар ҚР азаматтарының электрондық сауалнамалық деректерін сатып алып, содан кейін олардың келісімінсіз және ескертусіз банк сайтында ұялы операторлардың SIM-карталарын пайдалана отырып, несиелер алуға өтінімдер рәсімдеген және интернет-банкинг арқылы ұрланған ақша қаражатын жалған тұлғалардың шоттарына аударып отырған.

«Қылмыс жасау үшін алаяқтар қажетті техника сатып алып, абоненттік нөмірлердің бір реттік сим-карталарын пайдалану арқылы банктің жеке кабинетіне тіркелген. Әрі қарай, банктік картаның деректері мен шоттарына ие бола отырып, олар әртүрлі сомаларға кедергісіз несие рәсімдеген»,- деп хабарлады ведомстводан.

Медеу аудандық соты кінәлілерді аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Қала прокуратурасы мегаполис тұрғындарын сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуді тағы да ескертеді.