Алматыда «Өнер сиқыры» атты шығармашыл балалардың көрмесі өтеді

Алматыда «Өнер сиқыры» атты шығармашыл балалардың көрмесі өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Көрме жоғары оқу орындарының қолдауымен ұйымдастырылады

2022 жылдың 7 қазанында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Балалар жылы» аясында халықаралық жас өспірімдер арасында «Өнер сиқыры» атты халықаралық балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Көрменің мақсаты – жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, сабақтастығына ықпал ететін дарынды балалар, жасөспірімдер, өнер, қолөнер студенттері, қолөнершілердің дәстүрлері арасында халықаралық деңгейде танымал ету.  

Көрмеде еліміздің әртүрлі өңірлерінен (Алматы және Маңғыстау облысы, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Тараз қалалары) іріктелген 6 жастан 21 жасқа дейінгі дарынды балалардың шығармашылық жұмыстары ұсынылады.  Өнер туындыларының ішінде талантты балалардың (ағаш, металл, пластмасса, мата, жүн, ши және т.б.) жұмыстарында бейнеленген әртүрлі түрлер мен техникаларды, материалдарды, тақырыптар мен идеяларды көрсететін кескіндеме, графика, сәндік – қолданбалы өнер бұйымдары бар. 

Экспозиция балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятатын шығармашылық қиялдың даму процесін айқын көрсетеді. Шығармашылық жұмыстар арқылы әр түрлі елдердің балалары басқа халықтардың өмірі мен дәстүрлерін, олардың ұлттық және мәдени ерекшеліктерін түсінуді үйренеді.  

Көрме жоғары оқу орындарының қолдауымен ұйымдастырылады. Көрме аясында сәндік-қолданбалы өнер бойынша екі шеберлік-сабақ өтеді. Қазақтың ұлттық киімінің сән үлгісі көрсетіледі.