Алматыда өмірін қатерге тіккен "мобилограф" жазаланды

Алматыда өмірін қатерге тіккен "мобилограф" жазаланды
Сурет: Ашық дереккөз

Жігіт желіге жүктеу үшін қызықты видео түсірмек болған

Алматыда Lexus көлігінің жолаушысы терезеден беліне дейін шығып алып, қатар келе жатқан көлікті телефонына түсірген. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі тіркелген видеоға қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Болжам бойынша, жігіт желіге жүктеу үшін қызықты видео түсірмек ниетте өз өмірін қатерге тіккен. Ол терезеден белуарына дейін шығып, қатар келе жатқан көлікті телефонына түсірген. 

Алматы қалалық полициясы құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылғанын жеткізді. 

Жүргізуші өз кінәсін толықтай мойындаған. 

"Сонымен қатар, онымен алдағы уақытта жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу жөнінде заңгерлік түсіндіру жұмыстары жүргізілді",- делінген хабарламада.