Алматыда өлі табылған балалар мен анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қаланың «Спутник» тұрғын үй кешенінде өлі табылған әйел мен екі балаға қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
«Әйел мен оның екі баласының денесі 6 тамыз күні қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылды. Екі бүлдіршіннің мәйітінде зорлық-зомбылық ізі болған. Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Сондай-ақ, видеоматериалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алды», - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.
6 тамыз күні «Мамыр» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылған.