Алматыда оқушылар уақытша қашықтан оқуға көшеді

Алматыда оқушылар уақытша қашықтан оқуға көшеді
dalanews.kz

12-13 қаңтар күні Алматыда оқушылар қашықтан оқытылады, деп хабарлайды  Аlmaty-akshamy.kz Алматы қаласы білім басқармасына сілтеме жасап.

Алматы қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды.