Алматыда оқушылар арасында робототехникадан сайыс өтті

Алматыда оқушылар арасында робототехникадан сайыс өтті
Cурет: Almaty.tv

«Балалар жылы» аясында өткен байқау бірнеше кезеңнен тұрады

Алматы қаласы Алатау ауданында мектеп оқушыларының арасында робототехникадан сайыс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Мақсаты – балаларды жастайынан инновациялық технологияды меңгеруге баулу. Іс-шара № 178 мамандандырылған лицейде ұйымдастырылды. «Балалар жылы» аясында өткен байқау бірнеше кезеңнен тұрады.

«Жарыс 3 кезеңнен тұрады. Мектепішілік кезеңі бітіп, қазір 24 мамырға дейін аудандық, 28 мамырда қалалық кезең ұйымдастырылады.  1 маусымда сайыс мәресіне жетеді», – деді «Алматы дарыны» балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығының әдіскері Ләззат Жұмаділова.