Алматыда оқушылар арасында өткен IT-хакатон аяқталды

Алматыда оқушылар арасында өткен IT-хакатон аяқталды
Almaty-akshamy.kz

48 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 

Алматыда «Алматы BALAFEST» қалалық фестивалі аясында оқушылар арасында IT-хакатон аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жарысқа келесі IT-бағыттар бойынша қаланың 200-ден астам командасы қатысты:

  1. Робототехника.
  2. Мобильді қосымшаларды әзірлеу.
  3. Сайттар құру.
  4. 3D модельдеу.
  5. Ойындар құру. 

Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, ғылыми-техникалық бағыттарды танымал ету.  

Хакатон қорытындысы бойынша, 48 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар үшін жазғы IT-лагерь ұйымдастырылады, онда оқушылар робототехника және IT бойынша халықаралық жарыстарға қатысу үшін дайындықтан өтеді.