Алматыда өгей қызын өлтірген әйел екі айға қамалды

Алматыда өгей қызын өлтірген әйел екі айға қамалды Сурет: Atpress.kz

Айыпталушы 2023 жылдың 11 қыркүйегіне дейін қамауда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.



«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен күдікті Т есімді әйелге қатысты «ауыр қылмыс жасады» деген айып бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының арызы қанағаттандырылып, сотқа дейін бұлтартпау шарасы қолданылып, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды», делінген хабарламада.



Еске сала кетейік, Алматыда әйел өзінің жеті жасар өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген еді. Қыздың туыстары өгей анасы баланы бірнеше ай бойы ұрып-соғып келгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет