Алматыда Nur Otan партиясының аудандық филиалдарының екі жаңа ғимараты ашылды

Алматыда Nur Otan партиясының аудандық филиалдарының екі жаңа ғимараты ашылды
Almaty-akshamy.kz

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ашылған партияның аудандық филиалдарының жаңа ғимараттарында болды.

Әуезов ауданындағы партия филиалы Шаляпин көшесіндегі жаңа ғимаратта орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев филиалдың кең бөлмелерін аралап шықты. Мұнда мәжіліс залы және жұмыс кабинеттері орналасқан. 

Тағы бір филиал Наурызбай ауданының әкімшілік орталығында ашылды. Жақын маңда демалыс саябағы бар, мектептер мен тұрғын үй кешендері салынуда. Ғимаратта жұмыс істеу және қалалықтарды қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалған.

Партияның Алматы қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдарының саны бойынша ел өңірлері арасында көшбасшы болып табылады. Сонымен қатар, Nur Otan партиясының қалалық филиалына өтіп бара жатқан жылы ғана азаматтардың барлық санаттарынан 8000-нан астам өтініш келіп түсті, олардың 70%-ы оң шешімін тапты.

Еске салсақ, бүгінде Nur Otan партиясы Алматы қаласының барлық сегіз ауданында ұсынылған және 60 мыңға жуық партия мүшесі бар.