Алматыда Nur Otan партиясының XXII съезіне делегаттар сайланды

Алматыда Nur Otan партиясының XXII съезіне делегаттар сайланды Сурет: Almaty-akshamy.kz

30 делегат сайланды, оның 33,3%-ы әйелдер.


Алматыда Nur Otan партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесінің отырысында партия съезіне қатысатын делегаттар тізімі жасақталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Партияның қалалық филиалының Саяси кеңесінің жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаев, партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Отыншиев, Алматы қаласы мәслихатының хатшысы С.Канкуров және қалалық мәслихаттағы партия фракциясының жетекшісі Л.Ибрагимова, сондай-ақ филиалдың активі, депутаттар мен аудандық филиалдардың өкілдері қатысты. Саяси кеңес мүшелері делегаттар құрамының жоғары деңгейін атап өтті.




«Барлық делегаттар партия жарғысына сәйкес сайланды. Алматыдан 30 делегат сайланды. Делегаттар құрамы қоғамның барлық спектрін қамтиды және оған экономика, бизнес, білім беру, мәдениет, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау органдарының және т.б. түрлі салаларының өкілдері кірді. Ал әйелдердің құрамы 33,3% құрады», - деп хабарлады Алматы қаласы мәслихатындағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ләззат Ибрагимова.



Бұдан бөлек, "нұротандықтар" партияның барлық жұмысын түбегейлі қайта құруды жүзеге асыруда ел Президенті қойған жаңа міндеттерді талқылады. Партия мүшелерінің пікірінше, тек партияның ғана емес, тұтас елдің жаңғыру кезеңінде партияның жаңа Көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанды демократияландырудың келесі кезеңін қалыптастыруда жан-жақты қолдау көрсету қажет.



«Елдің басты саяси күші ретінде орныққан Nur Otan реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, Қазақстанды серпінді қайта құру мен жаңғыртудың негізгі қозғаушы күші болатыны сөзсіз. Нұротандықтар қала тұрғындарының сұранысына сәйкес өз жұмыстарын күшейтуге дайын. Партияның қалалық филиалы сарапшылармен, саясаттанушылармен және қоғамдық пікір белсенділерімен түрлі форматта көптеген кездесулер өткізді, онда партиялық жұмыстың мазмұны мен әдістерін жаңарту бойынша ұсыныстар жиналды. Нәтижесінде біз партия жұмысын қайта құру бойынша өз ұсыныстарымызды әзірледік және оларды әрі қарай қарастыру үшін партияның Орталық аппаратына жолдадық», - деп түйіндеді партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.



Естеріңізге салсақ, Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 1 наурызында кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Съезге барлық өңірлерден делегаттар қатысады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09