Алматыда несиелік тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр

Алматыда несиелік тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр
tengrinews.kz

Алматы облысы тұрғындарының Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үйді броньдау жағдайы бойынша түсініктеме

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – банк) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» бағыты бойынша Алматы қаласы әкімдігінің несиелік  тұрғын үйіне кезекте тұрғандар үшін броньдауды өткізді. Сонымен қатар, банктің әкімдікке ұсынған тізіміне Алматы облысының (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарының бөліктері, сондай-ақ Қапшағай әкімшілігінің аумағы – 150-ден астам елді мекен) тұрғындары кірді.

Алматыдағы несиелік тұрғын үйлерді («Нұрлы дала» ТК және Наурызбай ауданындағы «Алма Сити 5» ТК, Алатау ауданындағы «Мәдениет» шағынауданы) Алматы қаласының жайлы қалалық орта басқармасы салған және заңнамаға сәйкес тек Алматы қаласында кезекте тұрғандарға арналған.

2021 жылғы 28 қазанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне аталған азаматтардың Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй сатып алу заңдылығын түсіндіру жөнінде сұрау салған болатын. Министрліктегілер  кезекте тұрғандар несиелік тұрғын үйді тіркелген жері бойынша ғана ала алатынын растады.

Қазақстан Респуликасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 67-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй осы елді мекенде есепте тұрған азаматтарға ғана пайдалануға беріледі. Бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің несиелік тұрғын үй кезегінде 33 059 адам тұр.