Алматыда «Назарбаев Университетінің» кампусы ашылады

Алматыда «Назарбаев Университетінің» кампусы ашылады
Сурет: ZTB.kz

Аталған оқу орнының жасанды интеллект бағытындағы кампусы өзге қаладан ашылған алғашқы бөлімшесі болады.

Бұл туралы Елбасы университет президенті Шигео Катсумен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

24.kz сайтының хабарлауынша, басқосуда «Назарбаев Университетінің» 10 жыл ішінде қол жеткізген басты жетістіктері мен жоғары оқу орнын одан әрі дамыту стратегиясын жүзеге асыру барысы талқыланды.

«Назарбаев Университетінің» негізі 2010 жылы елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қаланды. Қызметі дербес және академиялық еркіндік қағидаттарына негізделген елдегі алғашқы оқу орны. Негізгі мақсаты - әлемдегі озық университеттермен теңесу. Бүгінде «Назарбаев Университетінде» 6,8 мыңнан астам студент білім алады. Ашылғаннан бері 5 мыңнан астам ғылыми мақала жарық көріп, 300 ғылыми жоба жүзеге асты.