Алматыда Наурыз мейрамына арналған үздік дизайнға конкурс жарияланды

Алматыда  Наурыз мейрамына арналған үздік дизайнға конкурс жарияланды
Сурет: Almaty.tv

Өтінімдерді қабылдау 31 қаңтардан басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады.

Наурыз мерекесіне орай қаланың көрнекі безендірілуінің үздік дизайнына конкурс жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы мәдениет басқармасы «Наурыз мейрамы-2023» арналған ең үздік визуалды безендіру дизайнына конкурс жариялайды.

Байқауға қатысу үшін қаланы билбордтармен безендіру бойынша түпнұсқа тұжырымдамасын әзірлеу және оны альбом түрінде ұсыну қажет: альбом стилистиканы, түс схемасын және билбордтардың дизайнын қамтуы керек. Жұмыстар салмағы 20 Мб-тан аспайтын PDF форматында қабылданады, бастапқы файл CorelDraw (қисық) бағдарламасында жасалуы керек.

Үздік жұмысты 21 ақпанда Дизайнерлер одағының, Суретшілер одағының,  Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясының мүшелері таңдайды. Байқау нәтижелері Алматы қаласы мәдениет басқармасының ресми сайтында жарияланады.

Ең үздік дизайн қаланың жарнама алаңдарында орналастырылады.

1 орын үшін жүлде қоры – 1 млн теңге, 2 орын үшін – 500 000 теңге, 3 орын үшін – 300 000 теңге.

Ұсыныстарды альбом түрінде almatymadeniet02@gmail.com электрондық поштаға жіберілуі керек.