Алматыда «Наурыз: дәстүр және жаңғыру» көрмесі және ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

Алматыда «Наурыз: дәстүр және жаңғыру» көрмесі және ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді
asu.edu.kz

2022 жылы 15 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК және «Таңбалы» мемлекеттік қорық-музейімен бірлескен «Наурыз: дәстүр және жаңғыру» көрмесін және ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасында: «Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - деп атап өтілген.

Көрмеде қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салтын насихаттайтын, бай материалдық және рухани мәдениетін көрсететін киіз үй және ішкі жабдықтары, Алматы қаласындағы наурыз мерекелерінің тойлануы жөнінде фотосуреттер қойылады. Мерекелік  іс-шара қонақтарына наурызкөже таратылып, зергерлік өнерінен шеберлік сағаты өткізіледі.

Конференция жұмысының барысында наурыз мерекесінің жаңғырған қазақ қоғамына әсері, ұлттық құндылықтар, ұлттық бірегейлік мәні талданады.

Конференцияға отандық тарихшы, этнолог, археолог, музейтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысады.