Тегін берілетін дәрілердің тізімі кеңейтіледі

Тегін берілетін дәрілердің тізімі кеңейтіледі сурет:egemen.kz

Қаулы жобасы 22 мамырға дейін қоғам талқылауында болады


«Ашық НҚА» порталында Алматы қаласында тіркелген Қазақстан азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, емдік өнімдерді тегін беру туралы шешіміне толықтырулар енгізу жобасы жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Бұл құжат «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар» бөліміне бірқатар дәріні енгізуді көздейді.


Атап айтқанда:


- Тоцилизумаб – аорта доғасы синдромын (Такаясу) емдеуге;


- Азацитидин – миелодиспластикалық синдромды емдеуге;


- Эверолимус – туберозды склерозды емдеуге;


- Инфликсимаб – крон ауруын емдеуге;


- Финлепсин ретард – сананың бұзылуымен және екі жақты тоникалық-клоникалық ұстамалармен фокальді ұстамалары бар симптоматикалық фокальді эпилепсияны емдеуге;


- Денозумаб – остеопорозға;


- Экулизумаб – ұстамалы гемоглобинурияға (түнгі);


- Леветирацетам – криптогенді ошақты эпилепсияға;


- Анакинра – Стилла ауруын емдеуге;


- Цитруллина малат, Убидекаренон – MELAS синдромын емдеуге.


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен түсіндіргендей, жергілікті өкілді органдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қосымша ұсыну туралы шешім қабылдайды.


«Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша қамтамасыз етуді көздейтін Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді», - деп жазылған келісім мәтінінде.


Қаулы жобасы 22 мамырға дейін қоғам талқылауында болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет