Алматыда нәрестелердің реанимация бөлімі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

Алматыда нәрестелердің реанимация бөлімі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
Cурет: Ашық дереккөз

Бөлім 2020 жылы мамыр айында күрделі жөндеуге жабылған 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының  Нәрестелерге арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бөлім 2020 жылы мамыр айында күрделі жөндеуге жабылған еді.  Қазіргі уақытта жедел емді қажет ететін сәбилер қажетті ем-шараларын алып, операциялар жоспарлы түрде жүргізілуде.  
Жаңартылған бөлімде ламинарлы ауа ағыны бар таза бөлмелер кешені бар. Бұл жүйе кішкентай науқастарды инфекциялық аурулардан жұқтыруды сақтайды және жаңа туған нәрестелердің тез сауығуына ықпал етеді.
Республикалық орталықтың  жаңа туған нәрестелерге арналған  реанимация бөлімі 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. Бөлім республиканың әр аймағынан санавиация желісі бойынша келіп түскен нәрестелерге жоғары білікті мамандандырылған шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімде  хирургиялық патологиялардың көптеген түрлеріне шалдыққан, атап айтқанда өңеш атрезиясы, диагфрагмалық жарық, әртүрлі ішек тарылуы, гастрошизис, омфалоцелле, анусаатрезиясы, сонымен қатар шала туған нәрестелердегі ретинопатия, өкпе қызметінің күрделі бұзылыстары, түрлі соматикалық патологиялары бар және т.б. шала туған сәбилер мен ауыр жағдайдағы кішкентай пациенттерге көмек көрсетіледі.
Бөлім 6 төсек-орынға арналған. Бөлім неонатальді блокта орналасқан және оның құрылымына неонатальді ота жасау бөлімі кіреді.  Медициналық көмек көрсету жұмысы анестезиолог-реаниматолог, анестезиолог мейірбикелер, кіші медицина персоналдарының жіті қадағалауында тәулік бойы жүргізіледі.
Барлық қажетті ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер, зертханалық-диагностикалық іс-шаралар тәулік бойы жүзеге асырылады.
Жаңа келбеттегі бөлімге кішкентай пациенттеріміздің ата-аналары дән риза.