Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматтан жарыс өтті

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахматтан жарыс өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Жарысқа 50-ге тарта арнаулы мектеп-интернат оқушылары қатысты

Алматыда мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында шахматтан қалалық біріншілік өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық спорт басқармасынан хабарлағандай, жарысқа 50-ге тарта арнаулы мектеп-интернат оқушылары, студент жастар мен қала тұрғындары жас ерекшеліктері бойынша сайысқа түсіп, кім мықты екенін анықтады.

«Әсіресе, 2019 жылғы Италияда Сурдлимпиадалық ойындарда командалық есепте чемпион атанған, ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберлері Амангелді Наурызғалиев, Самажан Кеттебеков, Дмитрий Мочальскийлер қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Одан басқа ҚР халықаралық дәрежедегі 4 спорт шебері, 2 спорт шебері мен 3 спорт шеберлігіне үміткер шахматшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті», - деп хабарлады спорт басқармасында.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алматы» спорт клубының медальдарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.