Алматыда кресло-арбаларды жөндейтін тегін орталық жұмыс істейді

Алматыда кресло-арбаларды жөндейтін тегін орталық жұмыс істейді Сурет: ашық дереккөз

Алматыда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдауға 13,2 млрд теңге бөлінді


Мегаполисте бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келетіні туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтты, деп хабарлады аlmaty-akshamy.kz. 


Спикердің мәліметінше, Алматыда 56 мыңнан астам мүгедек адам тұрады (I топ - 5 698 адам, II топ – 22 752 адам, III топ – 18 839 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 8 930 адам).



“Бүгінгі таңда мүгедектігі бар 33 847 адам техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге жүгінді, оның ішінде 26 136 адам қажетті құралдармен және қызметтермен сәтті қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуді 90% - ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз”, - деді Б.Жаубасов. 



Сондай-ақ, қалада кресло-арбалардың бөлшектерін жөндеу және ауыстыру бойынша тегін орталық жұмыс істейді. Арба жөндеу шеберханасы 470 мүгедек адамға қызмет көрсетті. 2023 жылы кресло-арбаларды жөндеу бойынша кемінде 600 қызмет көрсету жоспарлануда. 


Мүгедектігі бар адамдарға және жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға қосымша “Инватакси” қызметтері ұсынылады. “Инватакси” қызметімен қамтамасыз ету 100 автокөлікке Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ «Яндекс такси» такси агрегаторы арқылы қызметті іске асыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, бұл қызметке мұқтаж адамдарды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік берді.


Мүгедек адамдарды жан-жақты қолдау және оларды қоғамға ықпалдастыру үшін қалада “Ten Qogam” әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді.



“Ағымдағы жылы Алматы қаласы әкімінің “Ten Qogam” мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы” әлеуметтік жобасын масштабтау жөніндегі тапсырмасына сәйкес осындай 7 орталықты ашу бойынша шаралар қабылданды. Жыл басынан бері “Ten Qogam” орталықтарында 3 065 адам қызмет алды”, - деп атап өтті спикер.



Сондай-ақ, Б.Жаубасов басқармаға қарасты 10 медициналық-әлеуметтік мекеменің жұмысын атап өтті. Онда мүгедектерге, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі көрсетіледі.


Мәселен, “Шаңырақ” әлеуметтік қызметтер орталығында стационар жағдайында 288 жалғызбасты ардагерлер, зейнеткерлер, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге мұқтаж мүгедектер тұрады. Орталықта физиотерапиялық, емшара, стоматологиялық кабинеттер, еңбек терапиясы кабинеттері, сенсорлық бөлме, ЛФК кабинеті, массаж кабинеттері бар. Сондай-ақ, инсульт, инфаркт алған адамдар және тәулік бойы бақыланатын тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер қаралатын паллиативтік бөлімше бар.


“Демеу” әлеуметтік қызметтер орталығында стационар режимінде 1 және 2 топтағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 667 адам тұрады.


“Сенім” әлеуметтік қызметтер орталығында 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар 110 мүгедек бала тұрады. Сондай-ақ 30 балаға арналған паллиативтік бөлім бар. церебральды сал ауруы, Даун ауруы, ауыр және терең ақыл-ой жеткіліксіздігі, психикалық және моторлық дамудың кешігуі диагнозы қойылған балалар тәулік бойы осында болады. Орталық арнайы жабдықтармен, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинетімен, оқу сыныбымен, сенсорлық кабинетпен, физио-кабинетпен, дефектолог, логопед, ЛФК кабинеттерімен жабдықталған.


“Шапағат” әлеуметтік қызметтер орталығы жартылай стационар режимінде психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 80 балаға қызмет көрсетеді. Ата-аналар балаларды балабақшадағыдай орталықта 8 сағатқа қалдырады, өйткені олар бос болмауы немесе жұмыс істеуі мүмкін. Бұл орталықтың Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 5 бөлімшесі бар.


Бұдан басқа, “Аяла” жартылай стационарлары жұмыс істейді, онда 235 адамға, “Парасат” орталығында - 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар, психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 269 адамға қызмет көрсетіледі. Аталған жартылай стационарларда мүгедектер оңалтуға қалады, бірақ 4 сағатқа ғана.



“Аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға, олардың белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке тартылуына және ұрпақтар сабақтастығына жәрдемдесуге бағытталған жүйелі мәдени-демалыс жұмысы үшін өткен жылы күніне 150 адамның барып тұруы үшін белсенді ұзақ өмір сүрудің мемлекеттік орталығы ашылды”, - деп атап өтті басқарма басшысы.



Биыл орталықта 1 742 зейнеткер тіркелген, олар 48 мыңнан астам сауықтыру қызметтерін алған, түрлі бағыттар бойынша курстардан өтіп, бос уақытын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34