Алматыда «Музей түні» өтеді

Алматыда «Музей түні» өтеді
Сурет: Тengrinews.k

«Музей түні» акциясы – Алматының мәдени өміріндегі маңызды оқиға.

Қазіргі уақытта мәдени оқиға әлемнің 150-ден астам елінде өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

«Музей түні» акциясы – Алматының мәдени өміріндегі маңызды оқиға. Осыған байланысты Алматы қаласы музейлер бірлестігі «Музей түні» акциясы аясында ауқымды мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуді жоспарлап отыр.

«Музей түні» – бұл Халықаралық музейлер күніне орай көптеген мәдени мекемелердің қатысуымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын акция. Мұндай мәдени іс-шара кең аудиторияның, ең алдымен жастардың музейге деген қызығушылығын арттырады.

Алғашқы «Музей түні» 1997 жылы Берлинде өтті. Идея көрші елдерден де қолдау тауып, келесі жылы көптеген еуропалық мемлекеттің музейлері Ашық есік түнін ұйымдастырды. Қазіргі уақытта мәдени оқиға әлемнің 150-ден астам елінде өткізіледі.

«Музей түні» акциясы – Алманының мәдени өміріндегі елеулі оқиға. Сондықтан «Алматы қаласының музейлер бірлестігі»  «Музей түні» акциясы ауқымды мәдени шараларды өткізуді жоспарлауда.

Бұл мереке құпияға толы, музыка мен ерекше кездесулерге, ойын-сауықтың барлық түрлеріне және жарқын әсерлерге толы. Әрине, акция-мұражайларды біріктіретін және өнерді көрерменге жақынырақ етуге мүмкіндік беретін мәдени оқиға.

Акцияға «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» жеті музейі қатысады: Алматы музейі, Д.А.Қонаев музейі, Н.Тілендиевтың мемориалдық музейі, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және А.Байтұрсынұлы музей-үйі.

Музей түні акциясында келушілерге «Жанды музей» яғни экспозицияларды тірілтуге негізгі басымдық беріледі. Еріктілер мен музей қызметкерлері музейлерде тарихи тұлғаларды сомдап, ән шырқап театрландырылған көріністер қояды. Алматы музейінің залдары тарихи оқиғаларды, сол дәуірдің киімдері мен тұрмыс тіршілігін интерактивті түрде келішулер назарына ұсынады.  Диірмен тарту, келі түю, баланы бесікке салу т.б. дәстүрлерді музейге келушілер өздері қатыса отырып жүзеге асырады.

«Жанды музей» шеруі ерекше болады, онда еріктілер мен мұражай қызметкерлері бірлестіктің мұражайлары бойынша дәуір мен тақырыпқа сәйкес костюмдерде театрландырылған экскурсиялар жүргізеді. Алматы музейінің залдарында өз заманының тұрмысы мен мәдениетін көрсететін түрлі дәуірдегі  «тірі»кейіпкерлер болады. Келушілер қол диірмендерінде жұмыс істеуге, «бесікке салуға», қазақ дәстүрін және басқа да көптеген интерактивті бағдарламаларын көруге мүмкіндік алады.

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде экскурсиялар және қонақтарға арналған ойын-сауық бағдарламасы, сондай-ақ «Ғасырлар үні» гала концерті, «Ұлт руханиятын жасаушылар» фильмінің көрсетілімі орын алады.

Д.А.Қонаев музейінде Д.А.Қонаевтың туыстарымен бір үстелде шәй ішіп, ол туралы қызықты деректермен бөлісуге мүмкіндік беретін «Димаш Ахметұлы туралы әңгімелер...» кездесу сағаты өтеді.

Н.Тілендиевтің мемориалдық музейі алдындағы алаңда Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті, сонымен қатар, музей залдары бойынша экскурсия, «Әуенді тап» зияткерлік ойыны өтеді.

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Амангелді» алғашқы қазақ дыбыстық фильмі (Ленфильм, 1938,режиссері – М.Левин, сценарийі – Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Вс.Иванов) және Ғ.Мүсірепов пен актриса Раиса Мұхамедьярованың махаббаты жайлы «Классиктің кешіккен махаббаты» («Поздняя любовь классика») деректі фильмдері көрсетіледі.

Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінде «Ұлы ағартушы туралы әңгімелер», «Ұлт ұстазы» фильмінің актерлік құрамымен және түсірілім тобының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылады.

Алматы қаласы музейлер бірлестігі «Музей түні» акциясы аясында өтетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларының бағдарламасы:

 Алматы музейі

  • 19:00  «Ұлы Дала алтыны» көрмесінің ашылуы
  • 00-22.00 - Алматы қаласы Мәдениет басқармасына бағынышты ұйывмдар шығармашылық  ұжымдарының концерті
  • 19:00-00:00  -  Музей ішінде тақырыптық экскурсия
  • 00-22.00  -  «Тарихи код»музейаралықквест
  • 00-22.00  - «Тарихи  пазл» көңілді аймағы
  • 00-23.00  - Қыш ісі бойынша шеберлік сыныптары, тастарға сурет салу
  • 00-23.00  - Тарихи костюмдер және реквизиттер бойынша фотоаймақ
  • 00-22.00  -  «Алматы. тарихие фактыілер» квест- викторина
  • 00-23.00  - «Алмалықтан Алматыға дейін» костюмдік шеру 

Ықылас атындағы  халық аспаптары музейі

  • 00-23.00 - Қонақтар үшін экскурсия және көңіл  көтеретін бағдарлама
  • 00-22.00 - «Тарихи  код» музей квесті
  • 00-21.00 - «Ғасырлар үні» Гала концерті
  • 00-23.00 - «Ұлт руханиятын жасаушылар» фильмін көрсету
  • 00-23.00 - Музыкалық аспаптарды жасаушылар шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі

Д. А. Қонав музейі

  • 00-18.00 - «Димаш Ахметұлы туралы әңгімелер...»
  • 00 - 22.00 - «Найди экспонат!» квест ойыны
  • 00-22.00 -  «Тарихи код» музей квесті

 С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық мұражай кешені

  • 00 - "Амангелді" алғашқы қазақ дыбыстық фильмінің көрсетілімі (Ленфильм, 1938, режиссері – М.Левин, сценарийі – Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, ЖС. Иванов)

Уақыты мен орны: 19.00 сағ. 18 мамыр 2022 жыл

Алматы музейі, Қабанбай батыр к-сі, 132

  1. Алматы музейі – Қабанбай батыр к-сі, 132
  2. Д. А.Қонаев мұражайы – Төлебаев к-сі, 117
  3. Н.Тілендиевтің мемориалды мұражайы – Қонаев к - сі, 96
  4. С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық мұражай кешені – Төлебаев көшесі, 125
  5. Халық музыкалық аспаптар мұражайы. Ықылас-Зенков к-сі,24
  6. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы Нұркент ш/а 1, 5/11
  7. А.Байтұрсынұлы – Байтұрсынұлы мұражай үйі, 60