Алматыда «Музей түні» акциясы аясында қандай шаралар өтеді

Алматыда «Музей түні» акциясы аясында қандай шаралар өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы музейінде «Тірі Музей» театрландырылған қойылымы ұйымдастырылады

Халықаралық музейлер күніне орай Алматыда «Музей түні» онлайн акциясы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамырда Алматы қаласы мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» «Тарих. Тұлға. Музей» тақырыбында ауқымды мәдени-көңіл көтеру шарасын өткізуді жоспарлар отыр.

«Музей түні» акциясы – Алматының мәдени өміріндегі маңызды шаралардың біріне айналды. Осыған байланысты «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМКҚ музейлері тақырыптық көрмелер, шеберлік сабақтары, квест, байқаулар, концерттік бағдарламалар, театрланған қойылымдар кіретін арнайы мәдени-танымдық бағдарламаларын дайындады.

«Музейлер Алматы қаласының рухани және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі. Біздің мұражайларға келушілер артефактілермен танысып, олардың тарихы мен Алматы қаласының тарихы туралы біліп қана қоймай, түрлі рухани-тарихи және мәдени іс-шараларға қатысып, ой-өрістерін кеңейтеді. Осындай акциялардың бірі «Музей түні» акциясы», - деді Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» директорының даму жөніндегі орынбасары Қайрат Тарбаев.

Спикердің сөзінше, шараның салтанатты ашылуы Орталық музейде өтеді. Оған З. Алтынбаева, Бүркіт және Аиша, «Tengri» тобы және тағы да басқа эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

«Мәселен, Алматы музейінде «Тірі Музей» театрландырылған қойылымы ұйымдастырылады. Келушілердің назарына қола дәуіріндегі әйел, қазақ батырлары, сондай-ақ басқа да белгілі, тарихи тұлғалар ұсынылады. Сондай-ақ, белгілі әртістер Ғазизхан Шекербек, Кенжебек Жанәбілов, Ерлан Байназаров және «Tengri ethno music band» қатысатын концерттік бағдарлама ұйымдастырылады», - деді ол.

Алматы музейі бағдарламасында:
- Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде және Мультимедиялық дәстурлі музыка орталығында ҚР дәстурлі әншілері Мұрат Әбуғазы, Нұржан Жанпейісов, Рамазан Стамғазиев, «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы, т.б. қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Музейдің экспозициялық залдарында келушілерді Қоркыт, Құрманғазы, Ақан сері кейіпкерлер күтеді.

- Д.А. Қонаев музейінде, А. Байтурсынұлы музей-үйінде, Н. Тілендиевтің мемориалды музейінде, С. Мұқанов пен F. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешенінде концерттік бағдарлама, деректі фильмдер көрсетіледі.