Алматыда музей басшылығы бүлікшілерге басу айтып, жәдігерлерді аман алып қалған

Алматыда музей басшылығы бүлікшілерге басу айтып, жәдігерлерді аман алып қалған
wildticketasia.com

Алматыда террористік әрекеттер кезінде орталық музейге шабуыл жасалды, дегенмен музей мүліктеріне залал келмеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Шабуыл кезінде музей басшылығы мен қызметкерлері ғимаратты қорғап қалған. Олар бүлікшілерге басу айтып, жәдігерлерге тиіспеуін өтінген және қызметкерлер бірнеше күн бойы музейді күзеткен.

«Олар музейдің есігін сындырып кірді. Басында 6-7 адам кірген, кейін олардың саны 200-ге дейін жетті. Біз оларға бірден басу айттық. "Бұл жерде құнды мұралар, олар жойылса, тарихымыз жойылады, тиіспеңіздер" деп ақылға шақырдық. Сасқанымнан не айтқанымды да білмеймін. Олар сөзге келді», - деді ҚР Мемлекеттік орталық музей директорының орынбасары Бибігүл Дәндіқарақызы телеарнаға берген сұхбатында.