Алматыда мәслихат депутаты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Алматыда мәслихат депутаты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Cурет: Almaty.tv

Ұйымдастырушылар бір күннің ішінде 1000-ға жуық қала тұрғынына көмектескен

Алматыда қалалық мәслихат депутаты Нұрымбек Тау Алатау ауданы әкімдігімен бірлесіп қайырымдылық акциясына бастамашы болды. Олар азық-түлік себеттерін дайындап, мұқтаж отбасыларға таратты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар бір күннің ішінде 1000-ға жуық қала тұрғынына көмектескен. Олар қазақстандықтарды игі шараны қолдап, қайырымдылықпен айналысуға шақырады.

«Осы істі барлығымыз бірлесіп қолға алып жатырмыз. Көмектесіп жатқан халыққа алғысымызды білдіреміз. Бүгіннен бастап осы аудандағы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қорабын таратуды бастадық», – деді мәслихат депутаты Нұрымбек Тау.