Алматыда мотоцикл жүргізуішісі 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Алматыда мотоцикл жүргізуішісі 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды Сурет: Polisia.kz

30 жастағы мотоцикл жүргізушісі есірткіге масайған күйінде ұсталған.


Тәртіп бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«А.есімді азамат Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Құлжа тас жолының қиылысында оны патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының экипажы тоқтатты. Құжаттарды тексергеннен кейін жүргізушінің көлікті техникалық байқаудан өткізбегені белгілі болды. Сонымен қатар ол алкоголь немесе есірткі пайдаланды деген күдікке ілікті. Сот-наркологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, А.есімді азамат есірткіге мас күйде болған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 10-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды. Оның материалдары сотқа жіберіледі», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26