Алматыда «Мен өзіме сенемін» атты балалар құқығын қорғауға арналған кітап таныстырылды

Алматыда «Мен өзіме сенемін» атты балалар құқығын қорғауға арналған кітап таныстырылды
Cурет: Qazaqstan.tv

Туынды «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету» жобасы аясында шығарылған.

Кітап 5 мың данамен шығарылып, мектеп оқушыларына тегін таратылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бейресми статистикаға сүйенсек, елде әр үшінші бала психологиялық, сексуалдық, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Осы орайда аталмыш нұсқаулық өзін-өзі қорғауға арналған таптырмас әдістемелік құрал болмақ.

«Бұл кітап - Қазақстанда алғаш шыққан кітаптардың бірі. Бірақ, мәселе өте өзекті. Айтқанымдай, Қазақстандағы әрбір үшінші бала тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Сондықтан менің қазақстандық авторларға айтар кеңесім - осындай мәселеге көңіл бөліп, осындайларды көбірек шығарса, қоғамға көмектесе аламыз деп ойлаймын», - дейді ұйымдастырушы Салтанат Маусейітова.