Алматыда мемлекеттік тілдің қолданылуы жайлы республикалық конференция өтеді

Алматыда мемлекеттік тілдің қолданылуы жайлы республикалық конференция өтеді
Сурет: Ашық дереккөз

Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

Желтоқсанның 9 күні Ғылым Ордасында «Мемлекеттік тілдің зерттелуі, оқытылуы және қолданылуы»  атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді, , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мемлекеттік тілдің қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы маңызы және  қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдырудағы атқаратын рөлі зор. 

Осыған орай «Мемлекеттік тілдің зерттелуі, оқытылуы және қолданылуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияның модераторы Қазақстан Республикасының мәдениет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы. 

Конференция барысында  тіл саясаты және қазақ тілінің қоғамдағы өрісі, қазақ тілін оқытудың жүйесі, латын қарпіне көшудің қиындықтары, оны шешу жолдары, мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім сынды тақырыптар талқыланады. 

Сонымен қатар, Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді.

Конференцияға Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик Оразалы Сәбден, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, Байынқол Қалиев, Даңдай Ысқақ, Өмірхан Әбдіманұлы бастаған филология ғылымдарының докторлары, профессорлар және өзге де  ғалымдар, қазақ тіл танушы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.