Алматыда мектеп оқушылары арасында IT-хакатоннан жарыс өтті

Алматыда мектеп оқушылары арасында IT-хакатоннан жарыс өтті
Сурет: Almaty.tv

300-ден астам оқушы өзара бақ сынасты.

Алматыда мектеп оқуашылары арасында IT-хакатоннан жарыс өтті. Almaty Bala Fest фестивалі аясында өткен сайыста 300-ден астам оқушы өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Робототехника, мобильді қосымшаларды әзірлеу, сайт құру, 3D модельдеу бағыттары бойынша өткізілген жобаның негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілетін дамыту. Айта кетейік, жарыс жеңімпаздарына жазғы IT лагеріне жолдама беріледі.

«Бүгін біздің мектепте ауқымды іс-шара өткізіліп жатыр. Қалалық фестиваль IT-хакатон Балалар жылына арналған. Бүкіл Алматыдан дарынды бала келіп тұр. Сәттілік тілеймін», – деді №144 мектеп-гимназиясының директоры Әлия Саламатова.