Алматыда медицина қызметкерлері де, төсек орын да жеткілікті

Алматыда медицина қызметкерлері де, төсек орын да жеткілікті
Сурет: Liter.kz

Қаламыздың «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты медициналық мекемелердің дайындығы қандай?

Бұл сұраққа Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жауап берді.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда науқастарға арналған 1730 төсек-орын, 2300 медициналық  қызметкер бар.

«3-4 түрлі сценарий бойынша дайындық жасалды. Ауру саны 400-ден асса, медициналық  қызметкерді тағы да көбейтеміз. Ал егер науқастар саны 800-ден асса, медициналық  қызметкердің санын 6 мыңға жеткіземіз, 7 мың төсек орын болады», - деді Нариман Табынбаев.