Алматыда медицина қызметкерлері арасында шахматтан қалалық жарыс өтті

Алматыда медицина қызметкерлері арасында шахматтан қалалық жарыс өтті
Сурет: Almaty.tv

Сайыста ақ халаттылар екі топқа бөлінді.

Алматы қаласының Әуезов ауданында шахматтан қалалық жарыс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

«Үздік шахматшы – 2022» турниріне медицина қызметкерлері қатысты. Дәрігерлердің төл мерекесі қарсаңында  ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Сайыста ақ халаттылар екі топқа бөлініп, айналмалы жүйе бойынша сынға түсті.

«Шахмат турнирінде 8 ауданның түрлі денсаулық сақтау мекемесінен 16 медицина қызметкері бас қосты. Қорытынды ойын мен табанды күрестен кейін 3 орынды иеленіп алатын жеңімпаздар алдағы уақытта марапатталатын болады», – деді Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Ақшолпан Қалданқызы.