Алматыда марихуана плантациясын өсірген адам ұсталды

Алматыда марихуана плантациясын өсірген адам ұсталды Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғыны марихуана өсіріп, оны сатумен айналысқан деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Қарасора – 2023» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында біздің бөлімшенің қызметкерлері есірткі сатқаны үшін 48 жастағы Ш.есімді азаматты ұстады. Оның үйінен құрамында ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған 100 литрлік пластикалық бөшке тәркіленді. Ұсталған адамның айтуынша, бұл – марихуана, ол оны өз бақшасында өсірген, одан есірткі заты бар өсімдіктің 87 түбі анықталды. Айтпақшы, бұл дерек әуе барлауының нәтижесінде дронмен анықталды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Сондай-ақ үйді тінту кезінде жедел уәкілдер Иж маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен 5 миллион теңгені тапты.



«Сонымен қатар Құлжа тас жолы мен Попович көшесінің қиылысында Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғыны 1979 жылы туған С.есімді азаматтың басқаруында болған Mercedes автокөлігі тоқтатылды. Оның көлігін тінту барысында өсімдік тектес зат салынған 15 полиэтилен бума мен ақша тәркіленді. Күдікті бұл есірткі партиясын Ш.есімді азаматтан сатып алғаны және оның тұрақты клиенті екені белгілі болды. Сараптама тағайындалды», – деді Науатов.



ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.  ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31