Алматыда марафонға байланысты бірнеше көше жабылады

Алматыда марафонға байланысты бірнеше көше жабылады
Сурет: ашық дереккөз

23 сәуірде спортсүйер қауым үшін Алматы жартылай марафоны өтеді. Биыл алтыншы рет өтетін іс-шарада қатысушылар қаланың басты көшелерімен жүгіріп өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 23 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатынын мәлім етті.
Жарыс өтетін күні қаланың мына жолдары жабылады:
әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағат 7:00-ден 8:10-ға дейін жабылады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:15-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық.
Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 8:40-тан 11:10-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық.
Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:50-ден 09:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.
Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.
Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:
- Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;
- Розыбақиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.
Марафон әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш президент саябағының жанында басталады, орталық стадионда (Сәтпаев, 29/3) аяқталады.
Қатысушылар қашықтықтардың бірін жүгіріп өте алады:
Жартылай марафон - 21,1 км;
Жүгіру - 10 км;
Скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы - 10 км.
Марафонға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Ал 15 жастан асқан қатысушылар басқа қашықтыққа қатысуға жіберіледі.