Алматыда мамандандырылған балалар үйінде жаңажылдық ертеңгілік өтті

Алматыда мамандандырылған балалар үйінде жаңажылдық ертеңгілік өтті
Сурет: Almaty.tv

Алматыда балаларға арналған шырша тойлары өтіп жатыр.

Қаладағы мамандандырылған балалар үйінде жаңажылдық қойылым өтті. Бүлдіршіндерді Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, балаларды Жаңа жылмен құттықтауға ерекше көңіл бөлінді. Биыл Алматыда дәстүрлі түрде мектептерде, әлеуметтік орталықтарда, балаларға бейімдеу және көмек көрсету орталықтарында балаларға арналған шыршалар, сондай-ақ ХӘОТ санатындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шырша тойлар өткізілді.

Балғындарды мерекемен құттықтықтауға қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова арнайы келіп, сыйлық табыстады. Әлеуметтік мекемеде 4 жасқа дейінгі 38 бала тұрады. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер мен тұрмысы нашар отбасынан шыққандар да бар. Балғындарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.

«Біздің балаларымыз тәулік бойы осында болады. Олармен тәрбиешілер, дәрігерлер, логопедтер жұмыс істейді. Медициналық қызмет көрсету мен денсаулығын оңалту жұмысы да жүргізіледі», – деді мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Наталья Немтина.