Алматыда мәслихат депутатын сайлау жалғасуда

Алматыда мәслихат депутатын сайлау жалғасуда Суретті түсірген - Қайрат Қоныспаев

Алматылықтар №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Алматы қаласы мәслихаты депутатын сайлау науқанына белсене қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy тілшісі.


Дәл қазір жұмыс барлық сайлау учаскесінде қызу жүріп жатыр. Тек бұл жолы әуендер еш жерден естілмейді, барлық жерде тыныштық. Себебі бүгін – Жалпы ұлттық аза тұту күні. Сайлау елімізде алғаш рет, қаза тапқан кеншілерді аза тұту күніне сәйкес келіп отыр. 


«Біз әр сайлаушы үшін қуаныштымыз. Әдетте бізге әр түрлі жастағы адамдар келеді. Бізді тұрғындардың белсенділігі қуантады», - дейді №114 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Құралай Оспанова.


Осы орайда айта кетсек, №54 мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан №114 сайлау учаскесінде алғаш болып дауыс берген жас алматылықтарға «Қазақстан» шоколадтары сыйлық ретінде ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21