Алматыда ЛРТ салыну мәселесі қазанның басына дейін шешіледі – Ерболат Досаев

Алматыда ЛРТ салыну мәселесі қазанның басына дейін шешіледі – Ерболат Досаев
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифингке қатысуда.

Оның барысында шаһар басшысы журналистер қойған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Сұрақ: 
- Көлік кептелісін шешу мақсатында Алматыға ЛРТ керек дейді. Бірақ, елорданың ЛРТ-ның тағдырын қайталай ма деген алаңдаушылық бар. Болашақта Алматыда ЛРТ салына ма және оған қанша қаражат керек?

 «Алматыға ЛРТ керек. Төле би көшесінде салынған трамвай жолдарының орны бар, дамуға мүмкіншілік бар. Биыл қоғамдық кеңес жиналысында осыны талқыладық, шешімін қазанның басына дейін табамыз», -  деп жауап берді Алматы әкімі Ерболат Досаев.