Алматыда көп қабатты үйлердің кіреберістеріне дезинфекция жасалды

Алматыда көп қабатты үйлердің кіреберістеріне дезинфекция жасалды
Сурет: Ria56.ru

Дезинфекциялық өңдеу санитарлық ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Алматыда кіреберістер мен көп қабатты үйлерге дезинфекция жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«2021 жылдың 28 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, белсенді инфекция ошақтары бар көп пәтерлі тұрғын үйлерді өңдеу толық көлемде жүргізілді», - деп мәлімдеді Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы.

Аудандар бойынша коронавирустық инфекцияның белсенді ошақтары бар көп пәтерлі тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі:
- Алатау ауданы - 94;
- Алмалы ауданы - 771;
- Әуезов ауданы - 750;
- Бостандық ауданы - 1019;
- Жетісу ауданы - 285;
- Медеу ауданы - 428;
- Наурызбай ауданы - 120;
- Түрксіб ауданы - 94.