Алматыда «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі өтеді

Алматыда «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі өтеді
Сурет: Inform.kz

Бұл көрмеге қатысу Орталық Азия өңірінде бизнес бастауға немесе кеңейтуге, жаңа өнімдер мен қызметтерді іске қосуға мүмкіндік береді.

2021 жылғы 13-15 қазан аралығында Алматыда «Көлік және логистика» – TransLogistica Kazakhstan 2021 халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ телеграм каналына сілтеме жасап.

Бұл көрме 1996 жылдан бергі жұмысы кезеңінде бүкіл Орталық Азия өңіріндегі ең ірі көлік көрмесі мәртебесіне ие болды. Әрине, пандемия бүкіл әлемдегі көлік-логистика тізбегінің жұмысын өзгертті және қиындатты. Орталық Азия өңірі де одан тыс қалмады. Ал Еуропа, Оңтүстік және Шығыс Азия арасындағы жүк ағындарын қамтамасыз етудегі өңірдің маңызын ескерсек, Қазақстанның алдында барлық өңірлік және жаһандық көлік тізбектеріне тиімді ықпалдасу міндеті тұр. Бүгінде еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту Қазақстанды трансконтиненталдық көлік дәліздерінің архитектурасындағы ажырамас элементке айналдыра отырып, жаңа деңгейге шығуға тиіс.