Алматыда күзге қарай тағы 10 экобекет орнатылады

Алматыда күзге қарай тағы 10 экобекет орнатылады
almaty-akshamy.kz

Алматыда жаңарған 9 экобекет жұмыс істей бастады, күзге қарай тағы 10-ы орнатылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, экопосттар арнайы қондырғылармен - газ анализаторлары мен түтін өлшеуішпен жабдықталған. Н. Ливинская атап өткендей, мегаполистегі ауаны негізгі ластаушы - автокөлік, стационарлық көздер және жеке сектор. Оның айтуынша, залалды шығындар 128 мыңнан 70 мың тоннаға дейін төмендеген. Ал жеке сектордан 16 мыңнан 1 мың тоннаға дейін. Сонымен бірге, стационарлық көздерден шығарындылардың шамалы өсуі байқалады, бұл көрсеткіштер ЖЭО-2 жұмысымен байланысты.

«Атмосферадағы залалды заттарды азайту үшін, ең көлікті, қоғамдық көлікті экологиялық таза жанармайларға көшіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық қалалық автобустарды газ бен электр энергиясына көшіру жұмыстары басталды. Мысалы, 2020 жылы газбен жүретін 150 автобус сатып алынды. Ал биыл газ бен электр энергиясын пайдаланатын қоғамдық көліктердің 500-ге жуық бірлігін сатып алу жоспарланып отыр», – деді Жасыл экономика басқармасының басшысы.

Оның үстіне, Н. Ливинскаяның айтуынша, Алматыда тіркелген көліктердің жалпы санынан автобустардың үлесі 1 пайызға да жетпейді. Сондықтан, оның пікірінше, жеке көліктерді жүйелі түрде жаңартып, көліктері ақаулы және қоршаған ортаға зиянды автокөлік иелеріне шара қолдану қажет.

«Алматыда қаланың кіреберістеріне 19 экологиялық пост орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгіде 9 экологиялық пост құрылды, қалған 10 пост осы жылдың күзіне дейін біртіндеп орнатылады», – деді Н. Ливинская.

Айта кетерлігі, көктемде қала бойынша қозғалатын жүк вагондарының өлшемдері алынды.  Тексеру нәтижелері көрсеткендей, қалалықтардың 11%-ы және қалаға кіретін көліктердің 12,6%-ы экологиялық нормаларды сақтамайды.

Сонымен қатар, Жасыл экономика басқармасы ластаушы автокөліктерді қала бойынша қозғалыс кезінде анықтайтын үш мобильді посты және зертхана сатып алуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта конкурстық процедуралар жүріп жатыр, жеткізу осы жылдың соңына жоспарланған.

Техникалық реттеу және метрология департаменті қалада сатылатын отынның сапасын бақылау жұмыстарын бастады.  Сондай-ақ, автокөліктерді техникалық байқаудан өту тәртібін қатаңдату бойынша шаралар қабылдануда.