Алматыда кітап фестивалі өтеді

Алматыда кітап фестивалі өтеді
Inform.kz

Алматыда қала күніне орай «KITAP FEST 2021» кітап фестивалі өтеді. Оған, ұйымдастырушылардың айтуынша, шамамен 500 адам қатысады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

KitapFest - бұл 2014 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан дәстүрлі кітап фестивалі. 7 жыл ішінде республикалық зияткерлік платформаға айналды.

Шара 25 қыркүйек күні «Форум» сауда орталығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл фестиваль пандемияға байланысты шектеулі форматта өтеді.

Келушілер саны 500-ден аспайды.

Кіру шарттары: ASHYQ қосымшасында «жасыл» статус болуы керек. Міндетті түрде маска режимі сақталады.

Фестиваль аясында дәрістер, жазушылармен кездесу, кітаптардың тұсаукесерлері мен байқаулар өтеді.