Алматыда құрылыс компаниясының басшылары қамауға алынды

Алматыда құрылыс компаниясының басшылары қамауға алынды
сурет:sputnik.kz

«Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені бойынша санкциялар берілді.

Алматыда «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені бойынша санкциялар берілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Полиция «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексерілуде. Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының «Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады», - делінген хабарламада.

Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және прокуратураның бақылауында.

Айта кетелік, бұған дейін Алматы әкімі «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешеніндегі даулы пәтерлерге қатысты пікір білдіріп, онда пәтерлер сатуға тыйым салынған айтқан еді.