Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды

Алматыда құрбан шалуға рұқсат берілген орындар белгілі болды
Сурет: Islam.kz

Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.

Мегаполисте биыл құрбандық шалуға 13 орын белгіленді. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Алматыда құрбандық шалу рәсімі офлайн және онлайн режимінде өтеді.

«Алматы қаласының әкімдігі тарапынан офлайн форматта құрбандық шалуға және мал сатуға рұқсат етілген қала аумағында арнайы 13 орын бекітілді»,- дейді Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби.

Атап айтар болсақ, Алатау ауданы бойынша

– Мырзахмет мешіті, Әскер ата мешіті, Алғабас мешіті, Әл-әзим мешіті;

- Бостандық ауданы бойынша – Бақыткелді мешіті;

- Медеу ауданы бойынша – Аманқұл ата мешіті, Фатима мешіті, Райымбек батыр мешіті;

- Наурызбай ауданы бойынша – Қалқаман мешіті, Қарағайлы мешіті және Таусамалы базары;

- Түркісіб ауданы бойынша – Қайрат мешіті;

- Жетісу ауданы бойынша – Войнах мешіті.

Құрбан Айт - мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні тойланады. Биыл Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады. Бұған дейін Құрбан айтта Алматының орталық мешітінде спартакиада өтетіні туралы жазған болатынбыз.