Алматыда құны 6 млрд теңге болатын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыда құны 6 млрд теңге болатын жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: Zakon.kz

Бұрын ол жерде әскери госпиталь болған

Мемлекетке 7 жыл бойы пайдаланылмаған жер учаскесі қайтарылды. Ол Алматы қаласының Медеу ауданында Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында орналасқан. Аталған территория орталық мемлекеттік мұражай ғимаратының маңында болып табылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрын ол жерде әскери госпиталь болған. Жер кадастрының сайтында көрсетілгендей, бұл учаске 20-315-021-540 нөмірі бойынша тіркелген.

Жер телімінің мақсаты: "автопаркинг және халыққа қызмет көрсету объектілері бар көпфункционалды әкімшілік-қонақ үй тұрғын үй кешені үшін".

Бұған дейін Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі жер учаскесінің мемлекетке қайтарылғаны туралы хабарлаған. 2014 жылы нарықтық құны 6 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 3,8484 гектар болатын жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС меншігіне өткен болатын.