Алматыда Құлжа трактісінде уақытша жаяу жүргіншілер өткелі сүрілді

Алматыда Құлжа трактісінде уақытша жаяу жүргіншілер өткелі сүрілді Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Уақытша жер үсті жаяу жүргінші өткелі Құлжа трактісі бойымен  «Аспан Сити» ТК маңына  жолайрығын салу кезінде мердігер ұйымның қаржысы есебінен орнатылған болатын, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Бүгінде Бұқтырма көшесі мен Құлжа  трактісінің қиылысындағы жолайрығы бойымен барлық бағытта  көлік қозғалысы ашық. Сонымен қатар, бекітілген жобаға сәйкес барлық жаяу жүргіншілер өткелдерін жайластыру бойынша жұмыстар да орындалды.




Құлжа трактісі бойынша оңтүстік және солтүстік бөліктерінде жаяу жүргіншілер қозғалысы №3, 4 съездер арқылы эстакаданың астындағы «зебра» бойымен жүзеге асырылады.



Жолайрығы шегінде жаяу жүргіншілер қозғалысы оң жақ съездер бойындағы тротуарлар бойынша жүзеге асырылады- қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысы жоба бойынша  қамтамасыз етіледі. Сондықтан, жобаға сәйкес, уақытша жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі сүрілді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42