Алматыда көшелерді безендіруде тігінен көгалдандыру әдісі қолданылды

Алматыда көшелерді безендіруде тігінен көгалдандыру әдісі қолданылды
almaty-akshamy.kz

Алматыда автобус аялдамасын және Шығыс айналма автомобиль жолының учаскесін безендіруде тестілік режимде тігінен көгалдандыру әдісі қолданылды. Жалпы, көшелер мен түрлі аумақтарды тігінен көгалдандырылады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Достық даңғылындағы аялдаманы безендіру кезінде ландшафт дизайнерлері бұталы қарапайым өсімдіктің 160 гүлін – колеусты қолданды. Шығыс айналма жолындағы тіреу қабырғаларының бірін безендіру үшін 3450 дана сары және қызғылт сары түсті тагетес гүлдері қолданылды.

«Безендіру кезінде көгалдандырудың контейнерлік тәсілі қолданылды. Қалыптардае өсірілген гүлдер дайындалған гүлзарлар мен гүл құмыраларына отырғызылады. Жазда гүлдену маусымында оларды бөлшектеу және ауыстыру оңай. Барлық пайдаланылған гүл түрлері құрғақшылыққа және қаланың күрделі климаттық жағдайына төзімді», – деді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының жасыл қорды басқару және мониторинг бөлімінің басшысы Олжас Жаныспаев.

Тігінен көгалдандыру кеңістікті үнемдейді, қалаға эстетикалық көрініс береді және экологиялық жағдайды жақсартады.  Болашақта оны қала көшелерін, магистральдары мен алаңдарын безендіру үшін ландшафт дизайнының элементтерінің бірі ретінде пайдалануға болады.