Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында турнир өтеді

Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында турнир өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді 2023 жылдың 3-4 маусымында Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Шоудаун – Қазақстан үшін жаңа спорт түрі, ол көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған үстел теннисі болып табылады және арнайы жабдықтар: дыбыстық шарлар, қорғаныш қолғаптар, көз маскаларын пайдалануды талап етеді.

Турнирге Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау және Өскемен командалары қатысады. Іс-шараға жалпы саны 20 бала қатысады деп күтілуде. Айта кету керек, турнирді AZIMUT-LUX компаниясының қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Турнир 3-маусым сағат 10.00-де Алматы қаласы Ладыгин көшесі, 33 мекен жайында орналасқан № 4 арнайы мектеп-интернатында өтеді.