Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны миллионға жетті

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны миллионға жетті
Cурет: Ашық дереккөз

Самал Оқапова миллионыншы болып вакцина салдырды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев twitter-дегі парақшасына вакцина алғандар саны миллионға жеткенін жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Медициналық ақпараттық жүйенің мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық»,-деп жазды әкім.